Өлең, жыр, ақындар

Шілде

  • 11.12.2015
  • 0
  • 2
  • 4497
Жазбен жалғакс шілде келді,
Деп ұқпаңдар мүлде келді,
Қонысыңды қуантам деп,
Шақырайған түрде келді.
Маса, сона, бүгелектер
Ұрандасып бірге келді.
Бәріне де ерулік бар,
Кім шеттетер іргелі елді.
«Рас-ау» деп басын изеп,
Боз шолақтар тілге келді.
Сылдыр бақай, тақыр танау,
Сәске болмай үйге келді.
Қой пысқырып шөлдеп, шулап,
Ұзын мойнақ көлге келді.
Құдық басы төрт түлікпен
Шаңқай түсте үймеленді.
Қымыз жылып, жүректі алып,
Сусын қанбай күйзеу енді.
Бір бұлт шығып, жауса жаңбыр,
Шаң басылды, құдай берді.



Пікірлер (2)

әсел

өте жақсы екен

Әсел

Керемет екен

Пікір қалдырыңыз

Менің жайым

  • 0
  • 0

Кез келіп арыстанның арбауына,
Тап болдым қу түлкінің алдауына.
Бірі ойнап, бірі шындап итермелеп,
Тақсырды жердің биік жарлауына.

Толық

Қазақтарға қарап

  • 0
  • 1

Қамалған қараңғыда, қалың қазақ,
Қайратсыз, қамсыз құрып қалдың, қазақ.
Қаруланып қуатсызды қуаттанды,
Құрдан құр қампитқанша қарын, қазақ.

Толық

Үміт

  • 0
  • 0

Жұмсаған, не қиынға салған үміт,
Тіл алған, қайда болса барған үміт.
Сөз байлап, қол алысып жөнелгенде,
Шығармақ едің сүйреп жардан үміт.

Толық

Қарап көріңіз