Өлең, жыр, ақындар

Жырла, бөбек

  • 12.07.2022
  • 0
  • 0
  • 358
Жырла, бөбек, бал бөбек,
Шырқап әнге сал, бөбек,
Таң шапақтап атқанда,
Қызыл арай жаққанда,
Шырлап ұшып бозторғай
Көкте қанат қаққанда,
Бұйраланып, сылдырап
Таудан бұлақ аққанда,
Қонып таңнан бұтаққа
Бұлбұл да сайрап жатқанда,
Өмірден алып өнеге,
Жырламай, бөбек, немене?
Жырла, бөбек, жан бөбек,
Жырың шырын, бал бөбек!
Балаусалы жайнаған
Шағыңда шалқып ойнаған,
Жаздың раушан гүліндей
Мойнына қызыл байлаған,
Сызылтып таңнан ән салсаң
— Бұлбұл да тыңдар сайраған;
Жалынды жас балуан,
Бұлшық етің ойнаған,
Жастық қайрат жігерін
Жай тасындай қайнаған,
Көзін шыңның шолпаны,
Бетін қызыл алмадан.
Өркенісін өмірдің
Түлетіп таңнан таңдаған,
Алатаудан ән салсаң
Дауысыңды әлем тыңдаған.
Жырла, бөбек, жан бөбек!
Жырың шырын, бал бөбек,
Алтын өмір бесікте
Сені сәулем тербеткен,
Баулыған отан ананың
Ұланысың ержеткен.
Әлпештеп сені өсірген
Сендер отан түлегі,
Жүрегіңмен бір соққан
Оның да ұлы жүрегі!

1938



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Дала

  • 0
  • 0

Теріскейден бұлт тұрған
Көрсең қысқы даланы,
Қыр бораны бұқтырған
Таппассың баспананы.

Толық

Қандай ұяң едің, қандай тіл алғыш

  • 0
  • 0

Қандай ұяң едің, қандай алғыш тіл,
Қуанушы ең құлы да оның болуға,
Не болса да оған тіпті бәрі бір,
Жаны салқын, жабырқаңқы ед налуда.

Толық

Тілерім

  • 0
  • 0

Томсарып тұйық түн өтті,
Таң алды жырды гүл басын
Тамсанып тұрып күн өтті
Тірліктің сұлу тұлғасын!

Толық

Қарап көріңіз