Өлең, жыр, ақындар

Ерік

  • 21.07.2022
  • 0
  • 0
  • 374
Қайда ғана басымды мен қойсам да,
Қайғы талап жейді жүрек етімді.
Кеш жатсам да, яки ерте тұрсам да,
Дәл бір нәрсем жетпей тұрған секілді.
Сезем аяқ-қолымның да бүтінін,
Кем екен деп ойламаймын не көркім,
Бар нәрсем де жетіп-ақ тұр жетуін,
Жетпейтіні – басымда жоқ тек еркім.
Тілеуімше жүрмеген соң қалайда,
Қимылдауға жоқ аяғым, жоқ қолым.
Басымда еркім болмаған соң не пайда,
Осы дағы барлығымнан жоқтығым.
Атам-анам жоқ болса да елімде,
Айтшы, қашан жетімдігім білінді?
Жоғалттым мен жат дұшпанның
жерінде,
Анамнан да жақынырақ елімді.
Мен – құл мұнда, еріксізбін, ел-жұртсыз,
Әрі елсіз, әрі сорлы, еріксіз,
Атам-анам өз қасымда болса да,
Болар еді орным менің босаға.
Болар едім сонда да ылғи мен жетім,
Таланған тек иттерге ұқсап
жүретін.
Алтын еркім, менің азат тұрмысым, –
Құстай ұшып кеттің қайда асығып?
Кетпеді екен неге соңғы тынысым,
Өзіңменен бірге ғана қосылып?
Достар, дәурен сүрген кез мен, еркін, нық,
Білдім бе екен еркіндіктің қадірін?
Енді білдім, тәтті екенсің еркіндік,
Тартқан шақта ауыр құлдық жәбірін!!
Жетсе қолым еркіндіктен үлеске
Қуанышқа бөленсем тек арманым,
Бостандыққа, бақытты ізгі күреске
Арнар едім өмірімнің қалғанын.

Июнь, 1942



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Орыстың ұлы өзені

  • 0
  • 0

Еділ сені білемТайыр Жароковін
Төсін сүйген қайықтың,
Анамдай сен менің,
Апасысың Жайықтың.

Толық

Ақын мен бұлбұл

  • 0
  • 0

Ойды оятар бұлбұл дейді сайрағыш,
Сонда, ақыннан болған ба ол ойлағыш?
Бұлбұл – гүлдің, ақын – елдің еркесі,
Ақын болсаң, жан толқыта, самғай ұш!

Толық

Қыздың тамшы көз жасы

  • 0
  • 0

Қыз көзіне жас алар,
Қатты,
я тәтті минутта..,
Дірілдесін қос анар,

Толық

Қарап көріңіз