Өлең, жыр, ақындар

Ұстаз деген..

Ұстаз деген - ұлағатты адамдар,
​ ​ ​ ​ Ұстаздарсыз қайдан шықсын даналар?!
​ ​ ​ ​ Ұстазыңды құрметте де, білім ал -
​ ​ ​ ​ Ұлы жолды жалғайтұғын балалар!

​ ​ ​ ​ ​ Мұғалімге ең қажеті - сый-құрмет,
​ ​ ​ ​ ​ Мұғалімге ең қажеті - көп білмек!
​ ​ ​ ​ ​ Мұғалімді шын сыйласаң балақай,
​ ​ ​ ​ ​ Мына үйренген біліміңді дамыт тек!

​ ​ ​ ​ ​ Сонда ғана қуантасың ұстазды,
​ ​ ​ ​ ​ Сонда ғана айқындайсың тұлғаңды!
​ ​ ​ ​ ​ Самғай берсін, білім көгін ұстаздар,
​ ​ ​ ​ ​ Саналы ғып ұлдар менен қыздарды!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз