Өлең, жыр, ақындар

Мереке майданында

  • 22.07.2022
  • 0
  • 0
  • 1769
Той болса, той қылған жұрт тойламай ма?
Сауық қып мерекеде ойнамай ма?
Жұмылып жайшылықта қоңыр түспен,
Алдағы, арттағы істі ойламай ма?
Шаттықта саңқылдап тек үнің шықсын.
Үнің мен екпініңнен дұшпан ықсын,
Дабыл қақ, керней ойнат, шық майданға
Қорғалап пасық жауың жынша бұқсын!
Майданда еңбек ұлы түгел дабыл!
Іс келсе құмырсқаша қаптай жабыл.
Октябрь жер мен көкті солқылдатсын
Лек-лек бас, соқтыр керней, соқтыр дабыл

1934 жыл, 1-қараша.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Отарбада

  • 0
  • 1

Міне, заулап отарбада келеміз,
Кейде жүйткіп, кейде бүлк-бүлк желеміз.
Жолы құрып,
Жолы өріс,

Толық

Далада

  • 0
  • 0

Далада жазғытұры тостым желді,
Кезгек жел саулап есіп жетіп келді.
Гүл шешек, көгал шөптің басын сипап,
Көркейткен киіндіріп қара жерді.

Толық

Аш қазақ

  • 0
  • 0

Ыстық күні, оттай құмы
Ми қайнатқан елсіз Бетпақ даласы.
Жолда жаяу, жүрісі баяу
Келе жатты қазақтың бір баласы.

Толық

Қарап көріңіз