Өлең, жыр, ақындар

Жауды қудық

  • 29.07.2022
  • 0
  • 0
  • 519
Сұм ұлдары,
Қанды аузын жалмасты,
Екі қылыш
Ысқырысып шалмасты.
Араластық,
Қылыштастық,
Атпен бастық,
Оңды-солды
Жарқ-жұрқ сілтеп алмасты.
От, Оқ
Жарқ — Жұрқ
Гүмп — Гүрс,
Шарт — Шұрт.
Газ
Түтін,
Бұрқ — Бұрқ.
Шап!.. Ат!.. Сарт —
Сүрт!..
Ақ Алмас,
Жалт-Жұлт!..
Қайрат пенен
Күшті көріп састы жау.
Серт майданда
Жеңілді де қашты жау.
Ленин күшін,
Құрған ісін,
Бөгеу үшін,
Басқа әдіспен
Басқа күрес ашты жау...
Сол майданда
Болғансындар талайын.
Дегенсіңдер
«Қайтіп бұдан қалайын!..»
Атты лекте,
От білекте
Шауып шепке.
Жүргендердің
Төрт-бесеуін санайын:
Асылбеков, Әлиев пен Жангелдин,
Тәтімов пен Ярмұхаммед пар келді...
Найзалы лек,
Қызыл желек,
Алдыңдар шеп,
Басқаларды
Тізуге өлең тap келді...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Қамаудан

  • 0
  • 0

Тас үйдегі тұтқынды
Аяған адам жоқ болды.
Аяды бірақ табиғат,
Көңілім соған тоқ болды.

Толық

Жел қайықта

  • 0
  • 0

Ұмытпа сол күнді сен аспанға ұшқан,
Жер-көкті құлаш жайып қабат құшқан.
Қыбырлап қара құрттай жерде қалып,
Қадалған көзін алмай дос пен дұшпан.

Толық

Қазір Көкшетауда

  • 0
  • 0

Талай су бүгінгіше өткен ағып,
Бір жөнмен тынбай зырлап кеткен «лағып».
Өткеннен кеп шерткен соң жаңаның да
Шертейік күміс сағын біраз қағып.

Толық

Қарап көріңіз