Өлең, жыр, ақындар

Мұхтар Мағауин 60 жаста

  • 09.08.2022
  • 0
  • 0
  • 375
Көрінгенге өтпеген сөзді шығын,
Ері қайсы, білуші ем, ез кісі кім.
Ал Сен болсаң, қашанғы хас шеберсің
қашап жатқан жалықпай өз мүсінін!
Қыр астынан көрініп зеңгір тұлғаң,
Өзенге де ұқсайсың өрге ұмтылған.
Алатау да емессің, Қаратауда,
Дара Тау ма деп қалам Сен бір тұрған!
Ұқсап туған даланың тарпаңына,
бет қаратпас мінезің бар тағы да.
Пенде болып ермедің ел сөзіне,
Көңіліңді бермедің хан тағына.
Қара сөзде қазақы желдей естің,
Тізгінінді тіріге бермей өстің.
Қатпар-қатпар қыртысын ғасырлардың
қопара да алған жоқ Сендей ешкім!
Күреске де кіргесің, ысылғасың,
Жауың болса – зәресін ұшырғасың.
Қапталдасқан қастарды айтпағанда,
достарыңның өзінен мысың басым.
Сөзің дара, өзің де, дара хатың,
Алыс тарап, асқақтап барады атың.
Өз аузыңа қаратып тұрсың бүгін,
Алты алаш – алпыс Түрік қағанатын.
Даусындай боп баяғы Көкбөрінің,
Батасқа да Шығысқа жеткен үнің.
Қанша досың жүр Сені мақтан етіп,
Мұхтарға замандаспыз деп те бүгін!
Көп қазақтың дей алман Сені бірі,
Қаламдасың ішінде шенің ірі.
Ұлысың ба, жоқсың ба, уақыт айтар,
Әйтеуір Сені туған елің ұлы!
Көре алмасын қараңды күндегендер,
Желдей есіп жүзге де жүлдемен кел!
Әлі қайда туғанша Саған ұқсап
Саған ұқсап тағы да БІР КЕМЕҢГЕР!

2000 ж



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ойдан-қырдан жиналған

  • 0
  • 0

Ойдан-қырдан жиналған,
Ойһой, неткен көп құдай!
тіліме еріп,
иланған

Толық

Кісінің кешпейтін ем пенделігін

  • 0
  • 0

Кісінің кешпейтін ем пенделігін,
күмілжіп отырғаным мен де бүгін,—
бар аймақ осы күні ірі тұтқан,
қарайлап көңіліне төрдегінің.

Толық

Азамат деп жүргенім

  • 0
  • 0

Азамат деп жүргенім,
айырылса беделден,
Сен айтпасаң —
білмедім,—

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар