Өлең, жыр, ақындар

Басынба

  • 09.08.2022
  • 0
  • 0
  • 467
Тасуың-ай,
Басынуын-ай мынаның,
Жақпай қойды жұртым ғашық жыр-әнім,
Өзімді әлді, сөзімді дәмді демейтін
Кердеңінен керең болды құлағым!
Мен де елімнің екі тумас ер ұлы ем,
Неге саған құбыжықтай көрінем?
Нақұрыстау "нәнің" де емес едім ғой,
Көрі жуық, кәрің де емес, төрінен.
Төңірегің толып алған күл мен күң,
Құл мен күңге күңкіл-күңкіл тіл бердің.
"Көзіңді ашып қарасаңшы, қалқам-ау, –
дегім келіп тұрады ылғи, – Бұл — менмін!"
Мені де сол құлдың бірі еткің кеп,
Жауыр аттай жайдақ міне кеттің кеп,
Нығыздала, тығыз ғана сызданып,
Артық – ауыр сөз айтасың екпіндеп.
Кеңістікті қимағандай, кеңсемді,
Езгің келіп ерге біткен еңсемді.
Қатар жұмсап әрің менен зәріңді,
Жүргеніңді қайдан білсін ел сорлы.
Әңгір таяқ үйірердей төбемнен,
Бөле-жара шүйілердей көп елден,
Құлағымда ойнайтындай құрбақа,
Құдыққа да құлай қойған жоқ ем мен!
Дос та бола қоймаспын мен, қасың да,
Тісің кетер – тістенбей жүр асылға.
Ұры бұғар, ұлық ұғар тілім бар,
Тас жармаса – бас жарады... Басынба!

20 сәуір, 2000 жыл



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жасамай саған ғұмыры айбар

  • 0
  • 0

Жасамай саған ғұмыры айбар,
жатып атқанға не дерсің?
Жұтынып тұрса сұмырайлар,
жұртым-ау, кімге сенерсің?

Толық

Тірлігімнен түк өнбей

  • 0
  • 0

Тірлігімнен түк өнбей,
тілім неге байланды?
Жан-дүнием түгелдей
жаңғырыққа айналды.

Толық

Арқамды ауық-ауық аяз қарып

  • 0
  • 0

Арқамды ауық-ауық аяз қарып,
ағайын,
азғанда да,
жай азбадық, —

Толық

Қарап көріңіз