Өлең, жыр, ақындар

Маймыл менен көзілдірік

  • 10.08.2022
  • 0
  • 0
  • 1201
Жауыздың сақтаныңыз тіліне ермей,
Ғасыға тек жүрмеңіз ғақыл бермей,
Бір маймыл қартайғанда қор болыпты,
Байғұстың бұрынғыдай көзі кермей.
Наданға айтқан сөзің текке кетер,
Дос болсаң ықлассыз қызмет етер,
Бір істі пайдасы үшін паш етсеңіз,
Ықлас көңіліңіз болар бекер,
Көре алмай бұрынғыдай қайғыланған,
Сұрайды ем бар ма деп көрген жаннан,
Біреуден ақырында құлақтанды,
Тәуір деп көзілдірік өзі арзан.
Бес — алты көзілдірік алды саты,
Жарар еді пайдаланса іске ұқсатып,
Салғаннан төбесіне киіп алды,
Айырып ешбір жөнін көрмей жатып,
Сонан соң тұмсығына түсіреді,
Бір-бірлеп айырмастан алып жатып,
Онымен ешбір пайда болмаған соң,
Апарды құлағына саудырлатып.
Құлақтан құйрығына байлап алды,
Көрген жан күліп жатыр шегі қатып.
Ақырында көзге себеп болмаған соң,
Сындырды ашуланып тасқа атып.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Әтеш пенен меруерт тач

  • 0
  • 0

Мыс қылар алтыныңды жаман адам,
Қайдан білсін жақсы-жаманды надан адам,
Асылдың қадырын біліп қалай тұрсын,
Көрмеген өмірінде тазына адам.

Толық

Пәлеге ұшыраған қарашекпен

  • 0
  • 0

Жасынан кемшілікпен михнат шеккен
Үй болып түзіле алмай жүріп көптен.
Ақырында әжептәуір бай болыпты,
Бұрынғы ертеде бір қарашекпен.

Толық

Түлкі менен жүзім жемісі

  • 0
  • 0

Ашығып түлкі байғұс бақа кірді,
Аралап жем таба алмай талай жерді,
Шынардың салбыраған жемістерін,
Жүзімін тұрған пісіп көзі көрді.

Толық

Қарап көріңіз