Өлең, жыр, ақындар

Аққу, шортан әм шаян

  • 11.08.2022
  • 0
  • 0
  • 1398
Көп кіріскен іс оңбас ынтымақсыз,
Көп малдың, керегі не болса бақсыз,
Таудайын талаптан да бақыт артық
Болса да қара жаяу жалғыз атсыз.
Ынтымақ жоқтығынан біздің қазақ,
Кем жұртқа әрбір түрлі болды мазақ,
Зияны толып жатқан бастан артық,
Кемітіп ғазиз басын, көріп ғазап.
Мысалы, бірліксіздің ғибраты,
Пайдалы салыстырсаң бар лұғаты,
Кеңесінен аққу, шортан шаянменен
Тыңдаңыз тәржіме етіп жазған хатты.
Бір аққу, шортан шаян бұрынырақ,
Кеңесін еттім бәйіт, салсаң құлақ,
Тартуға жүкті арбаны міндеттенген
Оңаша көл басында тұрған жырақ.
Үшеуі кәдімгідей жегілісіп,
Қайтсе де тартамыз деп ерегісіп,
Тырмысып бишаралар азаптанды,
Пайдасыз мехнаттанып терге түсіп.
Жөнелді шу деп аққу көкке таман,
Сұңқылдап үсті-үстіне достан жаман,
Жайда да кесел шіркін жөнге жүрмес,
Тырмысып кейін қарай жатыр шаян.
Тартады дем алысып кезек-кезек,
Арбаны қозғалта алмай күдер үзіп,
Тыпырлап суға қарай бетіменен
Шамасы келмей жатыр шортан кезіп
Кіріскен ынтымақсыз ол басында
Ерлердің болмай бірлік жолдасында.
Бетімен әр тарапқа тартқаннан соң,
Қозғалмай арба қалды көл басында.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Екі кептер

  • 0
  • 0

Білмеген шығынданба көзге бекер,
Өмірің зая болып текке өтер,
Жасынан бір ұяда, бір орында,
Жүріпті мәжіліс етіп екі кептер.

Толық

Аң ауласқан қоян

  • 0
  • 0

Жиылып күшін қосып біраз аңдар,
Ішінде қасқыр, арыстан қабыландар,
Өлтіріп бір аюды жалаң жерде
Әрқайсысы бет-бетімен талады олар.

Толық

Есек пен сандуғаш

  • 0
  • 0

Отырған сандуғашқа келді есек,
Аузынан сөзі шығып кесек-кесек,
— Әй, бұлбұл, сені әнші деп естіп едім,
Сайрашы сынайын мен өзім естіп.

Толық

Қарап көріңіз