Өлең, жыр, ақындар

Ыза қандай іштегі, тоқтам қандай?

  • 15.09.2022
  • 0
  • 0
  • 478
Ыза қандай іштегі, тоқтам қандай?
Ықылассыз жандар бар шоқпар-маңдай!
Қайық етіп қайғыға қабағыңды,
есуге енді ескегің жоқ болғандай,
елпеңдеме.
Тіл безеу қалған бүгін.
Үнсіздікте ұлғаяр арманда ұғын.
Білем, саған көктемді кінәлатпақ
бір қыздағы сезімнің жалғандығы.
Сүймес жанның сүйгенді қолдауы – сын.
Іште сақтау қауіпті – Жан дауысын?..
Дос керек қой, бәрібір, бұл өмірде,
«досым бар» деп өзіңді алдау үшін.
«Саған лайық табам, – деп, – ер қанатын»,
әккілер де аңғалдың алған атын.
Біреу сені мақтаса, оған да – сол,
кезің керек болып жүр алданатын...

Сен көретін көрешек көп пе, тегі?
Біреу – мыстан, ал, біреу көкбет еді.
Еріккеннің алдында емсеңдеме,
«еркек емес, ез екен!» – деп кетеді.
Өз ішіңде дұшпан бар, кеңесші бар.
Сен алдымен солармен теңесші, бар!
«Теңізші боп жүзетін мұхит-мұңда»
тек қана осы екеуміз емес шығар?!..
Мұң – мұхит ғой..
дауылын тыңдар ағаң.
Мойын бұрып қарайтын кім бар оған?
. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
Жағалаудың жап-жарық манарындай
жанған көздер, қайдасың, «мұнда!..»-лаған?!.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жекеқоңыр

  • 0
  • 0

Қайта-қайта маңырап, қоңыр қозым,
суландыра бердің-ау көңіл көзін.
Қозысы едім мен де бір қоңырлықтың…
Көп өксіктен көкірек сөгілгесін…

Толық

Хаттарыңа, қалқатай, хал сұраған

  • 0
  • 0

Хаттарыңа, қалқатай, хал сұраған,
жырларымның жұлдызы тамшылаған. Қу
тірліктің есігін құр күзетіп,
жүре алмайды бұлайша шамшыл ағаң!

Толық

Түнгі күзет

  • 0
  • 0

Не деп саған жазайын,.. қой қоздаған,
Тау мөңіреп, аспанда Ай боздаған.
Жұлдыздар да түрткілеп түйсігімді,..
түсініксіз діріл бар бойда аздаған.

Толық

Қарап көріңіз