Өлең, жыр, ақындар

Отаным

Отаным, кең далам орманды,
Орманың оталып,​ тоналды.
Байлығың басқаға бұйырып,
Қазағым қарызбен оралды.

Мұнайың,​ алтының,​ күмісің,
Қайда екен жер асты ырысың?
Кең жерден тегін көр бұйырмай,
Моргте жатыр ма шіріндің...?!

Қазағым неліктен сорлысың,
Қайғыға жүрегім толды шын.
Бейбіт күн,​ осылай қиналсақ,
Соғыссақ не болар болмысың?!

Отаным, тәуелсіз мекенім,
Сүйемін, жырға арқау етемін.
Жастарың қонып жүр далада,
Арман ғып баспана, төсегін.

Отаным, кең далам, жері жоқ,
Қол жайған қайыршы елі көп.
Ертеңі сенімсіз, бұлыңғыр,
Аттандық қарттыққа емі жоқ!

04.10.2022



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз