Өлең, жыр, ақындар

Бір үзік сыр мұңым ба едің

Таң атты күзгі салқын,
Тереземді булап алатын.
Қараймын үңіліп мен,
Бұл кез күн сәулесін сағынатын.

Әр мезгіл әдемі кезегімен,
Шығарар жан –сырыңды өзегіңнен.
Сағынасың жылы күнді аңсап бір,
Салқын ауа жанға дауа дегеніңмен.

Мұңайып қараймын мен сағынышпен,
Осылай өтеді екен өмір деген.
Қол бұлғап қалып жатыр ...
Ойлайсың өткенің сағым ба екен.


Суық дейміз күзгі салқын ,
Сірә да көңіліме жақын.
Жүрегімнен шығып жатыр үздік сырлар,
Жұмбақтап жатқандай мені тапқың.
Білемін ғой мен бәрін, сеземінде.
Нөсерлеген жаңбырдай тоқтамасын.

Бір үзік сыр мұңым ба едің?
Неге сонша жүрегімді қинадың?
Өтті, кетті дегенменен,
Қанша ойлар ұмытылмас тастадың.

Білмедім де, күтпедім де,
Өтірік те болар –ау десем мен.
Мазаламайды еш нәрсе мені мүлде,
Сан сұрақтар жауап күтіп жүрегімде...


Күн суытты, дала тұман,
Әсер етпейді погода маған.
Жылы мен суық таласуда,
Айтшы ықпалы қалай саған?



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз