Өлең, жыр, ақындар

Жылықтың отын жағайын

Суық дейміз ауа райын,
Суымасын ортамыз ағайын.
Қуаныштар көбейіп,
Жылылықтың отын мен жағайын.

Салқындық билемесін бойымызды,
Жақсылыққа өзгертейік ойымызды.
Жақсы сөз –жарым ырыс деген сөз бар,
Көбейтейік қорамызға қойымызды.
Халқымның артып берекесі,
Жасайық, тоқтатпайық тойымызды.

Суық деп қашпайық шақырғаннан,
Орындалсын ойға алған арман.
Қойылып алдымызға мақсаттар,
Жарылсын жүрегіміз қуаныштан.





Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз