Өлең, жыр, ақындар

Сен менің өлеңімнің ішіндесің,

Сен менің өлеңімнің ішіндесің,
Ойымды ғазал сөзім мүсіндесін.
Шумақтан, бунақтардан өзіңді ізде,
Басқалар түсінбесе түсінбесін.
Сен менің жырларымның өзіндесің,
Талғаммен таңдап жазған сөзімдесің.
Сағынып, сарғайғанда мұңым болсаң,
Шаттанып қуанғанда көзімдесің!
Сен менің өлеңімнің тіліндесің,
Өзгеге тіпті ол да білінбесін.
Жауһарын жүрегімнің үзіп жаздым,
Басқанда саған қадам сүрінбесін!
Сен менің жырларымның бойындасың,
Бойынан сенің бейнең жойылмасын!
Айналып жер аспанға шықсын мейлі,
Бәрібір мына менің ойымдасың!
Сен менің лебізімнің ішіндесің,
Мәнінде, қуатында, күшіндесің.
Əр сөздің астарына үңіліп көр,
Сен сонда өзің бəрін түсінесің...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз