Өлең, жыр, ақындар

Долана

  • kmm
  • 05.12.2022
  • 0
  • 0
  • 757
Ойларды жуықтатпай санама оғаш,
Табам жоқ, күнім де жоқ тобаламас.
Дөңгелек дүниенің діңгегі боп,
Түсімде тұрдың өзің долана ағаш.

Жаныма бойжеткелі жат еді күз,
Дайын боп кешіруге қатені жүз.
Мәуелі жемісіңе шоқтай қызыл,
Тамсанып қарап тұрдық әкелі-қыз.

Жетпейді қазір даусым, қазір үнім,
"Бақыттың басыңда тұр тәжі, гүлім"-
деді де маңдайымнан сипады әкем,
Білдіріп шын көңілден разылығын.

Күн күліп, шырқап жатты кұстар әнін,
Таранып біткенінде түс тарағын.
Білдім мен бойтұмарым, екен бағым,
Әкеме ұқсағаным, ұқсағаным.

Оң жолға алып келді жорамалым,
Белгілі дерттен ішкі оңаларым.
Жылуын әлі сезем алақанның,
Дәмі де қалды аузымда долананың.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

***

  • 1
  • 0

Сүйдік пе, сүймедік пе білмей алаң,
Қаласам мақтай кетем, тілдей алам.
Тіріскей болмысымды тәуір көрген,
Сен қайда қалдың екен Күнгей адам?

Толық

***

  • 0
  • 0

Күмбірлетсе жаңбыр күйін,
Күңіренген кеудем әр күз.
Билеп жүрміз тағдыр биін,
Кейде жұп боп, кейде жалғыз.

Толық

***

  • 0
  • 0

Өлім өгіз секілді күшіне енген,
Орыс кемпір жылайды күшігі өлген.
Ару тұрды күрсініп айна алдында,
Әкесінің бейнесі түсіне енген.

Толық

Қарап көріңіз