Өлең, жыр, ақындар

Білім атты ұлағатты сөзің бар

Білім атты ұлағатты сөзің бар,
Білмей жатып сөйлемеген ақыл бар.
Атақ сақтап жүзділікпен жүруді,
Жібермейді жүректегі намыс-ар.

Пайда табам өмірімнен асқан бұл,
Мақтаншақтық, өзімшілдік қалмас құр.
Деп жүргенше ұстанымы өмірдің,
Күллі әлемде атым өшсін болған зұл.

Дүниеге тек келмейді, әр адам,
Бірі білім, бірі байлық бұл қадам.
Қолын қағып жамандықты тыйдырып,
Білім іздеп, ғылым қуып қолға алам.

Надан болып бұл өмірден өткенше,
Ұрпақтарға өнегемді қалдырам.
Білем көбі ойлайтыны мансапты,
Ең бастысы адам болам, жан болам.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Халқым, қайран қазағым

  • 0
  • 0

Халқым, қайран қазағым,
Қолың ашық жомартым.
Өзге елдің жұртына,
Жаны ашыған қарағым.

Толық

Қу тіземді құшақтадым

  • 0
  • 0

Құшақтасың,
Аймалап құлаштадым,
Махаббаттың,
Өшпестей отында едім.

Толық

Жаным-ай

  • 0
  • 0

Жаным-ай,
Жанымды таба алмадым.
Тапсам да,
Жүрегіңе қона алмадым.

Толық

Қарап көріңіз