Өлең, жыр, ақындар

Жалған өмір

Қанша менің ғұмырым?
Қанша менің сағатым?
Қашан барып үзіліп,
Таусылады тағатым?!
Ақымақтық ең үлкен,
Өмір жайлы ойламау!
Адамдыққа сын екен,
Жүрегіңе бойламау.
Көрсең дағы қиындық,
Шаршадым деп қамықпа!
Дұға тіле жүрекпен,
Игі істен жалықпа!
Өкпелеме, өкінбе!
Күнәсіз жан бар ма екен!
Кемшіліктің бәрінен,
Алла ғана пәк екен!
Ренжіткенді кешіріп,
Сыйлағанға сый жаса!
Алла деуің бекерлік,
Жүрекке иман жимаса.
Керме көкке кеудені,
Құл болмайсың кіші бол.
Мәртебелі болсаң да,
Ең алдымен кісі бол.
Болмады деп қалауым,
Жасамағың күпірлік.
Бар бақыттың бір сыры,
Ете білу шүкірлік.
Бәріміз де кетеміз,
Уақыт өтіп барады.
Жақсылыққа тарықпа,
Жалған өмір қалады!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Білмедік біз өмір бұндай шырғалаң

  • 0
  • 0

Білмедік біз өмір бұндай шырғалаң,
Аттаған соң, ақыл жасты таңқалам.
Болып едік баласы біз ойынның,
Қазір ойлап, бола алмаймын қылқалам.

Толық

Биіктерге ұмтыла

  • 0
  • 0

Биіктерге ұмтыла,
Өзіңді-өзің бағала.
Ынжықтыққа басылмай,
Дарындықты жағала.

Толық

Шыға алмадым шырғалаңнан әттең-ай

  • 0
  • 0

Шыға алмадым шырғалаңнан әттең-ай,
Жатыр мида түрлі ойлар, мың сарай.
Тылсым сырлар жай тапқызбай, бек қойды,
Қамалғандай сан жылдарға зынданға-ай.

Толық

Қарап көріңіз