Өлең, жыр, ақындар

Қиындықпен алысатын кез келді

Қиындықпен алысатын кез келді,
Ғылымменен жарысатын кез келді.
Қазіргі білектілік, күштілік,
Білімменен сыналатын кез келді.

Әділдіктен айнымайтын кез келді,
Жақсылықты асыратын кез келді.
Өтірік сөзбен емес өзіңді,
Ісіңменен дәлелдейтін кез келді.

Адалдықты үлгі етер кез келді,
Жомарттықты мақтан етер кез келді.
Ұрпақ үшін, ата-мекен жер үшін,
Басыңменен өртенетін кез келді.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Биіктерге ұмтыла

  • 0
  • 0

Биіктерге ұмтыла,
Өзіңді-өзің бағала.
Ынжықтыққа басылмай,
Дарындықты жағала.

Толық

Періштемнің бірісің ғұмырдағы

  • 0
  • 0

Періштемнің бірісің ғұмырдағы,
Өзің едің бағалы асылдағы.
Арам дақты бір тамшы ойламайтын,
Құрметіме ерекше лайық тағы.

Толық

Біздің халық қорықпайды мылтықтан

  • 0
  • 0

Біздің халық қорықпайды мылтықтан,
Шыдатпады азық-түлік қымбаттан.
Қымбатшылық келіп жетті енді деп,
Арзандаттық газды біздер нарықтан.

Толық

Қарап көріңіз