Өлең, жыр, ақындар

Бесінші кітаптағы өлең

  • 09.01.2023
  • 0
  • 0
  • 599
Мәрттік жасап,
Жаратушы тым сараң,
Бәрін бере салған екен бір саған.
Еркіңді алып,
Елжіретіп жаныңды,
Мөлдіреуге бола ма екен мұншама?!
Жұлдыздарды жәудіретіп қиырдан,
Жер бетінің бақытына бұйырған.
Қабырғадан жаралмаған...
Нәп-нәзік
Жүректердің лүпілінен құйылған.
Қатарыңда шәрбәт демді шырайлым,
Жолда қалар сұлулығы күн-айдың.
Тұңғыш рет таңдай қағып, бас идім,
Құдіретті екеніне Құдайдың.
Жұмақты айтса, сен туралы түс көрем,
Ғарышқа ұшам жасыл қанат құспенен.
Өлең ғой бұл баяғыда жазылған,
Кітаптағы көктен әлі түспеген!...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Кешір, тағы кеш жолыққан тағдырым

  • 0
  • 0

Кешір, тағы кеш жолыққан тағдырым,
Өзіңді аңсап кірпігімде жанды мұң.
Ескі лашық...
Тәтті шарап...

Толық

Соңғы хат

  • 0
  • 0

Көрік болған гүл текті,
Дидар болған таң нұрлы,
Аспан болған аласа,
Маусым болған жаңбырлы.

Толық

Сұп-суық дала тоңдырды тағы

  • 0
  • 0

Сұп-суық дала тоңдырды тағы,
Үйі құрғыр да үрейлі.
Жындардың қалың болдым ба іңкәрі,
Елестер бірге түнейді.

Толық

Қарап көріңіз