Өлең, жыр, ақындар

Ақбастаудың тұмасындай шымырлап

  • 09.01.2023
  • 0
  • 0
  • 454
Ақбастаудың тұмасындай шымырлап,
Тамырымнан қайнап шығып мың ырғақ.
Жыр оқыдым жапырақтың тілінде,
Қоңыр түннің құлағына сыбырлап.
Тыңдады ма?
Тұра берді ол үнсіз,
Ақтерек те көп күрсінді көңілсіз.
Ары аунады тостыма төзе алмай,
Ай жымиып қарады да болымсыз.
Ертеңіме жасай алмай нақ кесім,
 
Көп ішіппін...
Шықты білем қатты есім.
Айға қарап ақын түсті есіме,
Аймалаған ақырғы рет ақ төсін.
Айға қарап арылмаспын, әй, мұңнан,
Пері едім ғой шаттығым да,
Қайғым да ән.
Жағасында күттім ұзақ өзімді,
Айды сүйіп ақын батқан айдыннан.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жаны жұпар сұлу айым

  • 0
  • 0

Жаны жұпар сұлу айым,
Сүймеу мүмкін емес еді.
“Шуағыңа жылынайын”,
Айтып қойдым неге соны?

Толық

Соңғы хат

  • 0
  • 0

Көрік болған гүл текті,
Дидар болған таң нұрлы,
Аспан болған аласа,
Маусым болған жаңбырлы.

Толық

Сайрам

  • 0
  • 0

Сайрам, Сайрам,
Сені мезгіл мұңайтты,
Ақынсың-ау қайғысына күлдірген.
Бір махаббат болған дейді,

Толық

Қарап көріңіз