Өлең, жыр, ақындар

Өмір толқыны

  • 18.12.2015
  • 0
  • 3
  • 24311
(Элегия)

Жаралып жаңа ішінде ана,
Жай ғана жаттым жансыз бір жалқық.
Жалқықта сәуле кішкентай ғана,
Жүгіріп жүрген бетінде қалқып.
Тірілтті сәуле, бірікті жалқық
Бейне бір сурет жасалды адам.
Жайлы бір жылу суретті шарпып.
Қимылдап кенет жан бітті оған.
Жан бітіп жалқық жатпады тағы,
Құрсағын ана ауырта тарпып.
Өзгеріп кенет табиғат заңы,
Мен болып шықтым сондағы жалқық.
Емеспін жалқық, адаммын енді,
Құмарым күшті жалғанға жарық.
Тәуекел етіп ғазиз жан көнді,
Жатса да жалған жалыны шалып.
Өмірдің толқыны тәкәппар тулап,
Аялдап артты емес-ау күтер.
Жүректің қанын құпия ұрлап,
Тіршілік дәмін таусып та бітер.
Асаудай тулап ұмтылып алға,
Барады өмір жеткізбей желге.
Апарар сені амалың бар ма,
Ұйықтайтын мәңгі бір дымқыл жерге.
Болса да бір күн қымбат қой жарық,
Бірақта бітер тіршілік дәмі.
Дымқыл жер сонда баурына алып,
Оятпас сені әлдилеп мәңгі.
Болдым мен адам баяғы жалқық
Бір күні ажал желкеме мінер.
Оған дейін өмірге құмарым артып,
Іздеймін мен де күш-қуат, жігер!
Толқынында өмірдің,
Толғана ойлап ағамын.
Түйінін шешпей көңілдің,
Көрге неге барамын?!



Пікірлер (3)

Амина

Күшті маған ұнады

Сабыр

Мұқағали Мақатаевтың Өмір толқыны өлеңі ұнады

Пікір қалдырыңыз

Санаулы менің сағатым

  • 1
  • 6

Санаулы менің сағатым,
Санаулы менің күн, айым.
Асығам қалмай тағатым,
Асықпай қайтіп шыдайын.

Толық

Өмірімді несіне жек көремін

  • 1
  • 8

Өмірімді несіне жек көремін,
Ауыр-жеңіл болса да өткеремін.
Өмір қашып барады құсқа мініп,
Мен артынан жетем бе деп келемін.

Толық

Ұят болды-ау

  • 1
  • 8

Сен де кеттің,
Мен де кеттім,
Ол да кетті ауылдан.
Осынымыз ұят болды-ау, ұят болды-ау,қауымнан!

Толық

Қарап көріңіз