Өлең, жыр, ақындар

Кейде

  • 05.04.2023
  • 0
  • 0
  • 346
Кейде, мен
қырық жыны ерен қызыл кәрленген аязға
шыға саламын жалаңбұт… дымқыл жейдемен.
Кейде, мен
періштеше сөйлесіп отырам пендемен.
Күнәм жоқ па?
Қайдаағы… о жағынан да кенде емен.

Кейде,
қаладағы ел-жұртқа
сыпыра сәлем беруге де шығам, ән аңқып.
Кейде, жап-жарық күлкі алып кірем, топ ішіне қараңғы.
Қайғым жоқ па?
Қайдаағы… кейде, сүрте алмай есім шығады сорамды.

Кейде,
иіліп тәжім етем, қыз көрсем дара көрік.
Кейде, шалшық жалдап кетем, ес білмейтін балаға еріп.
Басқа жұмысым жоқ па?
Қайдаағы… кейде, өсіргім де келеді санама өрік.

Кейде,
мезетінде мыйішіндік күңгір Түн,
кәдімгідей қолыммен ұстағым да келеді мұң құртын.
Уақытша өліп, қабірге құлағым да келеді,
сұрағым да келеді хал-жағдайын Аңқыр мен Мүңкірдің.
Есалаңмын ба?
Қайдаағы… әзәзілден де айла ұрлаған жымқырмын.

Кейде,
мендегі шырылдаған Жан — шегірткелермен де жарасымда.
Кейде, қуана қабыл алам антұрғанның жаласын да…
Мен әйтеуір, ел сияқты жосып-босып жүре бергім келмейді,
ас пен дәрет… ханаларының арасында.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Иә, біздер жаз бойы хат алыстық

  • 0
  • 0

Иә, біздер жаз бойы хат алыстық. Ал,
алғашқы кездесу – одан ыстық: кезіп
жүріп тірліктің кеңістігін, кездейсоқтық
жаратқан о Таныстық!..

Толық

Түсжорыған

  • 0
  • 0

Төл науқаны ұлғайтар іс көлемін.
Төбемізде – түйе-бұлт, кішкене Күн.
Күні бойы қой бағып,
түні бойы

Толық

Таңға дейін тағы да ұйықтамадым

  • 0
  • 0

Таңға дейін тағы да ұйықтамадым.
(жо, жоқ, кешір, ештеңе «ұрттамадым»)
Сені ойлаумен боламын түні бойы,
түні бойы тау жақта бұлт тоңады.

Толық

Қарап көріңіз