Өлең, жыр, ақындар

Қанаттандыру

Күндер, күндер кідірусіз, тоқтаусыз,
Өтіп жатыр өкінішсіз - жоқтаусыз.
Күдер үзген үмітінен әлдебір
Тізбектелген дүниелер ақтаусыз.
***
Түндер, түндер төпелеген түйіндер,
Иімеген ишарасыз иіндер,
Қойнаулары қайнамаған қайнарлар,
Зергерлікпен зерделмеген зейіндер.

Күйбең-күйкі көңіліңді кірлеткен,
Дүрмек думан дүбірлеткен, дүрліккен.
Сезім-сарай сахарада сүрлеулі,
Шабыттар-ай шарықтамай шөлдеткен.

Күндер,күндер кідірусіз көктеусіз
Өткен өмір өкініштер өлшеусіз,
Үкіленген үзілуде үміттер,
Жүйрік жырлар жүйткімеген желеусіз.

Оян, оян отты ойлар ойнақы,
Жадырасын жұпарлы жүз жайнақы.
Мамыражай музам менің маздаған
Лапылдашы, лағылданшы, лалаулашы.
Ержан Қабышұлы



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар