Өлең, жыр, ақындар

Сен туралы

..
Саған ғана сенемін дедім,
Сенгеніңді білемін дедің.
Алайда жаным мәселе мұнда,
Жанымда менің жүрмеуің сенің.

Қиын маған, демалыс өзіңсіз өткен,
Сенсіз бұл қала көңілсіз көктем.
Ашылмай қалған жүректің сыры,
Саған ғана сыр, өзгеге бөтен..

Ақын емеспіз, алайда ғашық,
Бір-біріне сонаудан асық.
Тым жақын, бірақ шекара бөлген,
Қосылмастай арасы қашық.

Қызыл отпенен шарпыған әлем,
Тербелген ғашық, қызықсыз өлең.
Бәрі біздің эстетика ғой,
Мен сенен мынау әлемді көрем.

Болашақ көрем, жарық та нұрлы,
Бірақта менің жанарым мұңлы.
Өзімше жылап, өзімше қойып,
Өнер көрсетем күнде мың түрлі.

Алайда, шыда, бекер емес бұлар,
Сезім деген шың, биік бір мұнар.
Ғашықтық ол қарапайым емес,
Болу керек жанашыр тұмар..

Кейде асығып кетем,білемін,
Тыным таппайды, кінәлі-жүрегім
Үнемі күлші, мұңаймашы тек
Саған жазған бар тілегім…



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Үнсіздік

  • 0
  • 0

Үнсіздік, бәрін жеңеді үнсіздік,
Мың сұраққа жауап болған үнсіздік.
Жүрегіңде болса егер тыныштық,
Бәрін жеңеді, ұлы деген үнсіздік.

Толық

Абақтыдағы Әлиханның сөзі

  • 0
  • 1

Ей, дүние, жемтігісің арамның,
Тек ұлтымның тағдырына алаңмын.
Осы жолда құмға айналып жігерім,
Қап-қараңғы тар қапасқа қамалдым.

Толық

М.Әуезовтың «Абай жолы» роман-эпопеясындағы Абайға берген әке тәрбиесінің негізінде жатқан тұлғалық қасиеттері

  • 0
  • 1

Әкесі қой баға білмегеннің –
Баласы қозы баға алмайды.
Абайды Абай еткен Мұхтар,
Мұхтарды Мұхтар еткен Абай дегендей...

Толық

Қарап көріңіз