Өлең, жыр, ақындар

Алтыда "бісміллә" деп мінгізді атқа

Алтыда "бісміллә" деп мінгізді атқа,
Той істеп, етін асып, қылып ботқа.
Қалқитып қарақшыдай қуаныш қып,
Жеткені ата-ананың бір мұратқа.

Ел көшсе, шеше байғұс жүр жетелеп,
Жүрмейді бота болса еш төтелеп.
Жең - жалба, етік - қисық, тоқым - жыртық,
Түсеміз аттан әрең сонда еркелеп.

Болған соң тақым бекіп жылқы айдастық,
Құлынды үлкендермен бір байластық.
Желіден шыға қашқан құлын болса,
Ит қосып, ұран салып, айқайластық.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Алтын әтеш

  • 1
  • 3

Беріде емес, әріде?
Пәлен жұрттың жерінде
Болған жақсы хан Дадан.
Талай көріп қауіпті,

Толық

Жазушының қанағаты

  • 1
  • 4

Бұл сөзді біреу алмас, біреу алар,
Құлағын біреу салмас, біреу салар.
Теп-тегіс көпке ұнау оңай емес,
Кейіне жарамаса, кейіне жарар.

Толық

Үлес

  • 1
  • 3

Қосылып, бірнеше адам ортақтасып,
Үй салып, ортасынан дүкен ашып,
Саудасы жұғымды боп, байып әбден,
Шат болып, көңілдері судай тасып,

Толық

Қарап көріңіз