Өлең, жыр, ақындар

Тәуелсіздік деп соғады жүрегіміз

Тәуелсіздік деп соғады жүрегіміз,
Бірлік пенен қосылған қалың елміз.
Бір шаңырақ астында тату тәтті
Өмір сүру ең басты міндетіміз!

Ата баба таласқан жерімізді,
Керегеміз қайысқан елімізді
Өр рухы асқақтаған белестерді
Сақтап қалу ең басты міндетіміз!

Көк туы желбіреген отанымды,
Әнұраны шырқаған ортамызды,
Барлық ұлтты бір ел қылған бабамызды
Ұмытпау ең басты міндетіміз!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар