Өлең, жыр, ақындар

Бізден қалған махаббат

Өзгермепсің, со баяғы, қыз қалпың.
Көріп қалам күніге.
Жындымын ия?! Неге өзіңді қызғандым?
Ұзақ қарап түріңе.

Бозбала шақ еске түсіп кешегі
Суреттерді ақтардым.
Ғаламтордан бақылаймын бес елі
Салып жүрген ақпарды.

Мен сыйлаған есіңде ме раушангүл
Суреті бар пакеті?
Сезім - деген атың өшкір бұл құрығыр
Жанды баурап әкетті.

Бұл жайында тіс жармаймын ешкімге,
Атың қалар жасырын.
Анда-санда қарап қойсам бола ма,
Парақшаңды ақырын?

Өкінбеймін, сен де өкінбе өткенге
Сағынышты жағалап.
Айтарым тек сен де, мен де білеміз
Бізден қалған махаббат.

Ержан Қабышұлы Бура-Naiman



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар