Өлең, жыр, ақындар

Өмірдің мәні

Өмірдің мәнін тап деп шыңғырады күл адам,
Сол кезде бақытты боларсың сен надан.
Отыз жыл кетсе де ізденіске,
Бұл сенің мақсатың, кіріс іске.

Біреуі айтар, үлкен табыс-бұл өмірдің мәні,
Кемшілігі жоқ ақшаның көп болғаны.
Әрдайым қалағаның қол астында тұрғаны,
Қанағаттанарлы болар ма өмірдің осыған арналғаны?

Бақытты болу-бұл өмірдің мәні,
Бақытты болудан артық нәрсе бар ма әлі?
Бұл өмірді әрі қарай сүретін жалғыз қасиет,
Айналды ол құрал емес, мақсат иесіне.

Айтыпты тағы, өмірді сүру-бұл мән негізгі,
Солай ғана бас тартпай сезінерсің бар нәрсені.
Бұл сөзсіз нәрсе емес пе әлемдегі,
Сонда қай жерге апарар бұл жайт сені?

Естілді біреуден, басқаға қызмет ету айналды өмір мәніне,
Риза боларсың алғыс айтқан жанның сәніне.
Итермелейді өр мақсатқа ол жетуге,
Немен қаларсың өмірдің соңғы күнінде?

Айтқым келмейді бір нәрсені таңда деп,
Не қылсаң, сол болсын, көз жүгіртпейді ешкім де.
Таңдауың болар әр күн сәтінде,
Бірақ айтқым келгені, шалдықпа келеңсіздік сезіміне.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз