Өлең, жыр, ақындар

Сағындым

Сағындым-ау, сағындым.
Туған жерім,ауылым.
Шаң көшемді сағындым.
Жайқалып өскен ағаштар,
Кең даламды сағындым.
Сағындым-ау, сағындым.
Бұлақтан аққан сыңғырлап,
Мөлдір суды сағындым.
Аулада өскен гүлдердің,
Жұпар иісін сағындым
Сағындым-ау, сағындым.
Бала кезден бірге өскен,
Жан досымды сағындым!
Мен ұнатқан бір қыз бар.
Оны ерекше сағындым!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз