Өлең, жыр, ақындар

Жарты көңіл,жарты ниет

Жарты көңіл,жарты ниет

Кейде қалап асқар таудың мұзарт шыңын қар басқан
Сәл өткен соң жылып қалған төсегіме оралам.
Кейде қалап шалқар теңіз тасып көбігін шашқан
Бір сәт кейін судан қорқып ,көңіл шөлге қараған

Кейде қарап бай-бағланға ішім жемі тасыған
Жүрген жолын зерделеумен қызығумен өткіздім
Су шіркіннің сұрауы бар деген қазақ жасынан,
Аңғал болған сенімімді қанағатқа жеткіздім

Кейде қоңыр үнін әуес қылып екі құлаққа,
Иығымыма асынып ап ойша гитар тартамын
Бар назарды әнге қойып мына жалған сынақта
Орындаймын шала шала ұзын шаштың жарты әнін

Кейде келер бар таныстың ырқын билеп төстегім,
Оза шапқан тұлпар болып жұлқынып бір мастанам
Кейде сорлы күйім есіп мұңды қайық ескегін
Болып кетем дүниедегі тіреуі жоқ басқа адам.

Кейде таңдап ескі жолды қиын кезде ұмытқан
Өз-өзімді шебер санап , ұста Кәрім боп қалам
Ал бірақта ,жылдар бұрын нәпсі жеңген қылықтан,
Қарғыс айтып ,мазақ қылып,масқаралап
Боқтағам



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз