Өлең, жыр, ақындар

Білесің бе тегім кім мына менің

Білесің бе тегім кім мына менің?
Мен Адаймын ардақты менің тегім.
Бөлініп жатқаным жоқ қазағымнан,
Тек тегімді айтайын деген едім.

Кім еді Адай деген білесің бе?
Айналған Маңғыстаудың иесіне.
Қалың Адай Маңғыстауды мекен еткен,
Сеніп келген Әулиелер киесіне.

Ал ендеше бастайын мен бір жырды,
Шежіре ғой жазып кетер өте құнды.
Оқығаным рас болса егер менің,
Адайым Байұлының кенже ұлы.

Кәрі шаңырақ иесі Адай деген,
Салт дәстүрін ұмытпай сақтай білген.
Отпаннан асырмай дұшпандарын,
Қарсы келген дұшпанын таптай білген.

Бұл Адайым Бекет деп ұрандаған,
Дұшпандары қарсылас тұра алмаған.
Ежелден елім деген ерлер еді-ау,
Қорқатын тек қана бір Алладан.

Маңғыстаудай жерімді мұра еткен,
Тарих болып, аңыз боп бізге жеткен.
Келешек ұрпағының қамын ойлап,
Бабаларым бұл жер үшін қанын төккен.

Маңғыстауды мекен еткен қалың Адай,
Отпаннан жау өтпеген бері қарай.
Қанша жау келсе дағы ала алмаған,
Көгінде демеу болып жалғыз Құдай.

Сол Адайдың ұрпағы мына менмін,
Адай Шоңай болады шыққан тегім.
Маңғаз дала Маңғыстаудың тумасымын,
Өтейінші қазақ боп тағылмай мін.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жанарыңнаң көрер ме екем тұңғиық?

  • 0
  • 0

Жанарыңнаң көрер ме екем тұңғиық?
Ғашық болып өтер ме екем ғұмырлық?
Бұйырмаған бір көруді сәт қылып,
Замананың дүниесі екен алдамық.

Толық

Қу тіземді құшақтадым

  • 0
  • 0

Құшақтасың,
Аймалап құлаштадым,
Махаббаттың,
Өшпестей отында едім.

Толық

Шыға алмадым шырғалаңнан әттең-ай

  • 0
  • 0

Шыға алмадым шырғалаңнан әттең-ай,
Жатыр мида түрлі ойлар, мың сарай.
Тылсым сырлар жай тапқызбай, бек қойды,
Қамалғандай сан жылдарға зынданға-ай.

Толық

Қарап көріңіз