Өлең, жыр, ақындар

Төрт түлік

  • admin
  • 29.12.2023
  • 0
  • 0
  • 413
Ұстап жүрсе жүгендi,
Жылқышы деп бiл ендi.
Қолда жүрсе көгенi,
Мен қойшымын дегенi.
Ұстағанды бұйданы
Сиыршы деп бiл-дағы,
Ұстағанды ноқтаны
Түйешi ғой деп таны...
Жылқышыға келесiң,
Ұзын құрық көресiң.
Түйешiге келесiң.
Түйе жүн шекпен көресiң.
Сиыршыға келесiң,
Таспа тiлiп көресiң.
Қойшы үйiне келесiң,
Тулақ, көндi көресiң...
Жылқышының қымызын
Iш сусын қып күн ұзын.
Түйешiден шұбатты
Сiмiр, ол ас қуатты.
Сиыршының айранын
Жұт, кiлегей, қаймағын.
Қойшы берер құлақты,
Құйрық, бауыр, сирақты.
Ел құты – төрт түлiк мал,
Баққандарды бiлiп ал.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Көк жейде

  • 0
  • 0

Көктемнiң бiр күнi едi,
Көгалда ойнап жүр едi.
Апасы кеп Сапарды
Дүкенге ертiп апарды.

Толық

Біздің Қожанасыр

  • 0
  • 0

– Солдаттағы балама
Хат жазып, ал сауабын, –
Деп өтiнген анаға,
Нұрлан бердi жауабын:

Толық

Орашолақ

  • 0
  • 0

Мынау бiздiң Доңқабақ
Шеберлiгi ұстады.
Дəу пышақпен жаңқалап,
Қарындашын ұштады.

Толық

Қарап көріңіз