Өлең, жыр, ақындар

Лақап ат кімде бар?

  • admin
  • 29.12.2023
  • 0
  • 0
  • 90
Мына көзiм көрдi,
Бес оқушы болды;
«Бiрге» оқитын –
Бiр,
«Екiге» оқыр –
Екi,
«Үшке» оқыр –
Үш,
«Төртке» оқыр –
Төрт,
«Беске» оқыр –
Бес...
«Маңыз шықпас еш» –
Деп Екi мен Бiрдi
Оқуынан қуды.
Жаман болды бұл,
Екi мен Бiр
Бұзық болып жүр.
Түнде болсын,
Күндiз,
Жасағаны қылмыс.
Бұзықтарды тыңдап,
Болу үшiн жұмбақ.
Өздерiне лақап
Қойып алды атақ.
Бiлмеу үшiн басқа
Сот та,
Дос та,
Қас та,
«Компаниясы» Бiрдi
Мына атынан бiлдi:
«Жалқы»,
«Жалғыз»,
«Дара»,
«Жеке»,
«Сыңар»,
«Саяқ...» – дедi...
Қалмады одан Екi.
Оған да сай лақап
Тақты былай атақ:
«Қос»,
«Жұп»,
«Пар»,
«Дуэт»,
«Егiз...»
Ендi оны солай деңiз...
Қонбаған соң ақыл,
Екi менен Бiр
Өстiп жүрiп жатыр.
Ал,
Үш пен Төрт, Бесiң
Бұзылады несiн?
Болған соң мол ақыл,
Үлгерiмi жақсы,
Оқу оқып жатыр.
Содан-дағы болар,
Лақап атсыз олар.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Кімнің қатесі?

  • 0
  • 0

– Мына сия көк пе?
– Көк.
– Мына қарындаш көк пе?
– Көк.

Толық

Кетпеннің өкпесі

  • 0
  • 0

Егеумен егеу керек,
Көсеумен көсеу керек.
Тырмамен тырмала,
Араменен арала...

Толық

Жетік екен есепке

  • 0
  • 0

Əкесi ұзақ сапардан
Қайтып, үйде отырды.
Сұрады ұлы Қапардан:
– Қалай, жайы оқудың?

Толық

Қарап көріңіз