Өлең, жыр, ақындар

Жолбарыстар мен пілдер шайқасы

  • admin
  • 29.12.2023
  • 0
  • 0
  • 62
Кiм көрдi бұл шайқасты,
Күш сынасып байқасты,
Жолбарыстар бiр жолы
Пiлдерменен айқасты.
Күн ұзаққа ұрысты,
Жеңiсе алмай тұрысты.
Жолбарыстар кеш түсе
Болды халi қыл үстi.
Жолбарыстар шара жоқ,
Бəрi естен танар боп,
Тышқандарға жалынды
Көмек сұрап, амал жоқ.
Дедi келе тышқандар:
– Кəне, пiлдi ұстаңдар!
Пiлдер қаша жөнелдi,
Зəрелерi ұшқандай.
«Құлағыма кiрер», – деп,
«Тесiп, оны тiлер», – деп,
«Құлағанша жерге бiз,
Шықпай сонда түнер», – деп.
Тышқанға амал таба алмай,
Соғысуға жарамай,
Қашты пiлдер жөңкiлiп,
Алды-артына қарамай.
Тышқандардың жасағы,
Жауды жеңiп, жасады.
Содан берi пiлдерiң
Тышқан көрсе,
Қашады.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Лотерея билетi

  • 0
  • 0

Сатып алды көкесi
Лотерея билетiн.
– Машина ұтсам, – деп өзi,
Арман етiп жүретiн.

Толық

Ұя

  • 0
  • 0

Наурыз келдi, қыс кеттi,
Күн шуағын құяды.
Топ-тобымен құс кептi,
Жасау керек ұяны.

Толық

Әдеп

  • 0
  • 0

...Тық-тық ұрды,
Тыңдап тұрды.
– Бұл кiм?
– Менмiн.

Толық

Қарап көріңіз