Өлең, жыр, ақындар

Қайратым жоқ!

Күш бермеді Құдайым қайратым жоқ,
Ауызбенен сайраймын-құр шамасы жоқ.
Ауызды да бермегенде қайтер екем?
Жүрер-ма екем қалам теріп пайдасы жоқ.

Пайдасыз бұл өмірде ештеме жоқ,
Пайдасыз ойым менің керегі жоқ!
Бәріне де күнәлі нәпсім екен...
Сұрадым мен Құдайдан кешірім көп!

Әсте маған күш бермеді, керегі жоқ.
Берсе-дағы не істер екем, сұрағым көп?
Әсте Құдай пешенеге жазбайды екен...
Сынағын пендесіне керегі жоқ.

Кейде қайғырып-та, күйіп-те аламыз көп,
Жәй түскенде сөкпейтін пенделер жоқ.
Жазылған сынақты-да сүре алмасақ...
Несіне өкпелейміз келместей боп.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз