Өлең, жыр, ақындар

Апта, айлар,тоқтамас зымыраған

  • admin
  • 03.01.2024
  • 0
  • 0
  • 98
Апта, айлар,тоқтамас зымыраған,
Бірге зырлап барады ғұмыр-адам.
Елес беріп бейнесі келешектің,
Естіліп тұр келешек жыры маған.
Ашылмаған әлемде сыр қала ма?
Жаңалықсыз жалпақ ел құр қала ма?
Сыбырлаған сыбыры бір қаланың,
Естіліп тұр сол сәтте бір қалаға.
Айдан келіп жатырмыз, Айға барып,
Айға барған бұрын-соң қайда халық?
Отынсыз-ақ үй-жайды жылытамыз,
Күн шуағын бұл кезде пайдаланып.
Пайдаланып жатырмыз жоқтан-барды,
Шығарамыз – керек пе, оттан қарды?
Қуантқанмен барлығы, қайғым да бар,
Қайғым – бомба, мылтықтың оқталғаны.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Айдарымнан сенсіз жел есілмеді

  • 0
  • 0

Кіндік қаным тамған жер, кешір мені,
Сыртта жүрдім тұсауым кесілгелі.
Жер бетінің жүрсем де қай шетінде,
Айдарымнан сенсіз жел есілмеді.

Толық

Байлықты бедел санама

  • 0
  • 0

Байлықты бедел санама, ерлердің басын бағала,
Ерекше ғып жаратып, тудырған Алла Тағала.
Әліңді біл, Аяз би, жолыңды біл құмырсқа,
Ақылсыз сөйлеп ақиып, жағаласпа жағаға.

Толық

Еділ баба, Тұмар ана ұрпағы

  • 0
  • 0

Еділ баба,
Тұмар ана ұрпағы.
Атты арайлап,
Тәуелсіздік нұр таңы.

Толық

Қарап көріңіз