Өлең, жыр, ақындар

Тыншымады көңілім, тыншымады

  • admin
  • 03.01.2024
  • 0
  • 0
  • 103
Тыншымады көңілім тыншымады,
Тыншымастан қай жаққа құлшынады?
Бірде күндей жап-жарық, бірде түндей,
Жанып-өшіп жанымның мың шырағы.
Жанып-өшіп жанымның мың шырағы,
Жүрегімнен бір мұңлы үн шығады.
Көмейіме кептелген көздің жасы,
Қосарлана о да тұр ыршығалы.
Сапарымның білемін сәттісін де,
Өмірімнің білемін тәттісін де.
Құшағына көмілдім күнәһардың,
Құшағымда тұншықты пәк мүсін де.
Жанға тыным сонда да болар емес,
Қыран-арман қолыма қонар емес.
Бақытсыз да емеспін, бағасыз да,
Бірақ, бірақ көңілім толар емес.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Қас батыр Қарасайдың ұрпағымын

  • 0
  • 0

Қас батыр Қарасайдың ұрпағымын,
Ұрпағымын, Жамбылдай жыр-таңының.
Мәңгілік өшпес менің аты, затым,
Төбемде төңкеріліп тұрса күнім.

Толық

Жұқарған кезде, мұқалған кезде, қарағым

  • 0
  • 0

Жұқарған кезде, мұқалған кезде, қарағым,
Қорғаның болсын алдаспан – арың – жарағың.
Өмірде қанша қуаныш, бақыт көп болса,
Өмірде сонша барына сенгін нала-мұң.

Толық

Ақбоз атты батыр

  • 0
  • 0

Астан-кестен от жалын жер мен көктің арасы,
Не боп кеткен Ресей, қайда қала, даласы?
Өлі дене жол бойы, бода-бода босқындар,
Қанталаған үрейден көздерінен шарасы.

Толық

Қарап көріңіз