Өлең, жыр, ақындар

Адам қонақ өмірге

  • admin
  • 05.01.2024
  • 0
  • 0
  • 203
Адам қонақ, – деп айтады, – өмірге,
Өмір, онда қуаныш бер көңілге.
Қоштасуға асықпағын ертерек,
Ол қоштасу біздер үшін жеңіл ме?
Туған жердің тауы, тасы, өзені,
Жаутаңдайды, әлденені сезеді.
Мәңгілікке қоштасатын өзіңмен,
Бірте-бірте келер күннің кезегі.
Өтер дәурен бал-шырынын шайқаған,
Бізді жоқтап біреу мұңлы айтар ән.
Таң да атпас,
Күн де батпас ол жақта,
Біз өзіңе оралмаспыз қайтадан.
«Қонағыңды» жаман қарсы алдың ба?
Дәмің, тұзың қашаннан-ақ алдымда.
Ат та бердің, бақ та бердің, өмірім,
Сонда да мен кәусарыңа қандым ба?
Қанған жоқпын,
Дарқансың сен, шынында,
Алдымда тұр алтының да, пұлың да.
Менен аяп қалғаның жоқ, бірге жүр,
Қабаттасып күлкі, шаттық, мұңың да.
Өмір, өмір!
Сенен қымбат жоқ түгім,
Өзіңменен көтерілді шоқтығым.
Қонағыңа қысымшылық көрсетпе,
Көрсетпе өмір таршылығын, жоқтығын.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Сыртымнан кесек атпаңдар

  • 0
  • 0

Сыртымнан кесек атпаңдар,
Сыртымнан мені сатпаңдар.
Жан болсам жұртқа жағымсыз,
Көзімше ғана даттаңдар.

Толық

Дауылпаз көкте саңқылдап

  • 0
  • 0

Дауылпаз көкте саңқылдап,
Туласа толқын теңізде.
Жанарың мұңлы жарқылдап,
Жанымның оты, мені ізде.

Толық

Тіршілік-ай, тіршілік

  • 0
  • 0

Тіршілік-ай, тіршілік,
Қалсам оқыс күрсініп.
«Өкінішті» демегін,
Шүкіршілік, құлшылық.

Толық

Қарап көріңіз