Өлең, жыр, ақындар

Әнші

  • admin
  • 07.01.2024
  • 0
  • 0
  • 73
(«Гүлдер» ансамблінің әншісі Қапаш Құлышеваға)

Па, шіркін! Мынау әннің тербелісі-ай!
Тербелісі-ай, көңілге жел берісі-ай!
Алма мойын, қара көз қас сұлудың,
Қас қағымда құлпырып өзгерісі-ай!
Елжіретіп ет-жүрек сезімдерін,
Делебе қозып, жоғалтты ел төзімдерін.
Өздері айтып тұрғандай осы әнді,
Жыбырлатты кәрі-жас еріндерін.
Бозторғай ма, бұлбұл ма сайрап тұрған?
Келді екеуі қосылып қай бақ, қырдан?
Екі жеңге екеуін тағып алып,
Мына сұлу секілді ойнап тұрған.
Шым-шым батып, шымырлап тұла бойға,
Үкім-билік жүргізді құлақ, ойға.
Жігіт біткен ұмытып өткендерін,
Сахнаға ұмтылмақ тұрған бойда.
Ән үзіліп кетпесін, сабыр, сабыр,
Залда кенет басталды абыр-дабыр.
Қабырғалар солқылдап алақаннан,
Адырайды шекеде күре тамыр.
Сыр пернесін жүректің анық басқан,
Құйқылжытып қиялды алып қашқан.
Әнші аруды тыңдауға дайын халық,
Таң атқанша қол соғып жалықпастан.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Сендей-ақ болсын әр ақын

  • 0
  • 0

Қазақтың әрбір ақыны,
Сендей-ақ болсын дер едім.
Айтпай-ақ қойдым атыңды,
Тұрған соң айтып өлеңің.

Толық

Қара арғымақ арыса

  • 0
  • 0

«Қара арғымақ арыса қарға адым жер мұң болар»,
Кәріп етсе кәрілік кәдірлі басың сұм болар.
Арылдаған арыстан айға шауып мертіксе,
Аңдығаны тышқан мен ін маңында жым болар.

Толық

Тебіренбеймін мен неге

  • 0
  • 0

Тәтті күндер тербеткен бесігінде?
Тебіренбеймін мен неге өмір жайлы.
Өкініш те тиіпті несібеме,
Өмір – бақыт, қуаныш, өмір – қайғы.

Толық

Қарап көріңіз