Өлең, жыр, ақындар

Мәңгілік бақыт болмайды

  • admin
  • 07.01.2024
  • 0
  • 0
  • 66
Мәңгілік бақыт болмайды,
Басыңа мәңгі қонбайды.
Мәңгілік емес тағы да,
Басыңа түскен сор-қайғы.
Өмір де түпсіз дария
Асып та тасып жатсаң да,
Көншіп бір көңіл толмайды.
Көңіл де күндей құбылар.
Көңілді – қайғы, күн көзін
Қап-қара бұлт торлайды.
Бақыттымын дегендер,
Әп-сәтте бір күн сорлайды.
Қор болып жүрген жанды да,
Әп-сәтте Алла қолдайды.
Басына пәле төнгенді,
Құтқарам десе бір Алла,
Әп-сәтте тағы қорғайды.
«Бүйтемін» деме күні ертең,
Күні ертең сенің дегенің,
Дер кезінде болмайды.
Алласыз асып-тасқандар
Ақыр соңында оңбайды.
Алланың бәрі еркінде,
Кім алдын қалай болжайды.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Құдіреті шексіз Алла

  • 0
  • 0

Шексіз әлем он сегіз мың ғаламды,
Жаратушы жан-жануар, адамды.
Құдіреті шексіз Алла, ғұмыр бер,
Қуат бергін жарқыратып санамды.

Толық

Шықтарын төкті боз көде

  • 0
  • 0

Кер дала кербез сағымды,
Туған жер, жаннат жанарым.
Алыстан сынап бағымды,
Аттанып кетіп барамын.

Толық

Түгел еді, дүнием түгел еді

  • 0
  • 0

Түгел еді, дүнием түгел еді,
Түгел ғой деп әкем де күлер еді.
Түн ұйқысын төрт бөліп жыл он екі ай,
Түгендеуге жоғымды жүрер еді.

Толық

Қарап көріңіз