Өлең, жыр, ақындар

Қойса ба деймін өлеңді

  • admin
  • 08.01.2024
  • 0
  • 0
  • 75
Қойса ба деймін, құрысын, осы өлеңді,
Өртеніп біттім, өртеген отым, сөн енді.
Бар-жоқты шатып, тып-тыныш жатып үйімде.
Жазсам ба деймін, роман, повесть дегенді.
Жазсам ба екен, жаны бір жайсаң қыз жайлы,
Қыз десе сорлы жүректің бәрі сыздайды.
Жігітін қырға, ал өзін Сырға жіберіп,
Сарғайту қандай, сағынту қандай ыңғайлы.
Оп-оңай тағы біреуге бәле ойлатып,
Біреуді қойсам желөкпе етіп тойлатып.
Кейіпкер үшін өзгертіп болмыс бейнемді,
Актер ғып қойсам өзімді-өзім ойнатып.
Өтеуім үшін қаламгар деген парызды,
Екшемей қосып естіген елден аңызды.
Роман жазып, өрнектеп сыртын шығарып,
Жүрсем бе екен жазушы болып жаны ізгі.
Ақындық жолы ауырлау болып барады,
Көзімнен жас та, жүректен қан да тамады.
Ойсырап ойдан, езілген қайран еңсемді,
Көтеріп жүрсек болатын шығар шамалы.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Болса да адам үшін бақыт көрік

  • 0
  • 0

Болса да адам үшін бақыт көрік,
Ширадым қайғы дәмін татып көріп.
Қатқан тоң қабат-қабат кеудемдегі,
Жанымның жылуымен жатыпты еріп.

Толық

Жомарттық

  • 0
  • 0

Ақын боп жаралыппын,
Өмірді аялауға.
Жерімнен нәр алыппын,
Елімнен аямауға.

Толық

Жанып тұрған жалыннан жаралыппын

  • 0
  • 0

Жанып тұрған жалыннан жаралыппын,
Даналықтан жаныма нәр алыппын.
Батырлықтың бойымда белгісі бар,
Белгісі бар тағы да балалықтың.

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар