Өлең, жыр, ақындар

Адамның осы болар өлмегені

Шырағың маңдайдағы сөнбегені,
Қара жер бесігіне енбегені.
Бір басын қамсыз қылып жөндегені,
Емес ол адамдардың өлмегені.

Кеңесің көптің ойын өңдегені,
Ортада ықпалыңның деңдегені.
Ұрпақтан ұрпақ жалғап сендегені,
Адамның осы болар өлмегені.

Ақынның жырға қалам тербегені,
Батырдың жаyға қару сермегені.
Fалымның хикметті жөндегені,
Адамның осы болар өлмегені.

Ұстаның айшықты əсем зерлегені,
Аспанға əн əуеннің кернегені.
Тəтті күй көңіліңді тербегені,
Адамның осы болар өлмегені.

Шешеннің дауда ырық бермегені,
Көсемнің жан-тəнімен ел дегені.
Жеке бас қоғам үшін терлегені,
Адамның осы болар өлмегені.

Қисықты жолыңдaғы жөндегені,
Көңілдің жарақатын емдегені.
Көп үшін ымыраға көнбегені,
Адамның осы болар өлмегені.

Қаламшаң еккен көктеп өрлегені,
Ұрпaғың жарамды боп төрлегені.
Өнерге шындап құлаш сермегені,
Адамның осы болар өлмегені.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жөн

  • 1
  • 0

Жасыңда білім десе тоймасаң жөн,
Денеңді шынықтырып ойнасаң жөн.
Ержетсең елдің қамын ойласаң жөн,
Қартайсаң ақыл-кеңес қоймасаң жөн.

Толық

Кейбіреу

  • 1
  • 0

Кейбіреу майдан қылшық суырғандай,
Кейбіреу отқа тұзды қурғағандай.
Кейбіреу битке пышақ суырғандай,
Кейбіреу артынан ел шуырғандай.

Толық

Ұқыпты болсаң өзіңе

  • 1
  • 0

Ұқыпты болсаң өзіңе,
Жетесің айтқан сөзіңе.
Ұқыпты болсаң сөзіңе,
Сенеді халық сөзіңе.

Толық

Қарап көріңіз