Өлең, жыр, ақындар

Қайнары тасбұлақтың суалмайды

Басқа мал берекесіз құралмайды,
Бұранда шектен артық бұралмайды.
Қызыл шоқ жай қағазға оралмайды,
Дұние бір қалпында тұралмайды.

Мұратсыз мақсатына жете алмайды,
Мөралсіз тура жасап кете алмайды.
Тəртіпсіз ел сынынан өте алмайды,
Ұятсыз əдептілік ете алмайды.

Опасіз шағыстырмай жүре алмайді,
Ақылсыз ақ-қараны біле алмайды.
Ақымақ айтқаныңмен тіл алмайды,
Кінəлі бетке қарап күле алмайды.

Өнерді бойыңдаңы ұры алмайды,
Ақ-адал ішкен асың сұралмайды.
Жарықтан ойсыз кеуде нұр алмайды,
Арамға тойғанымен шыр алмайды.

Аңгүдік алаяқтан сыр алмайды,
Шын ғашық өлмей жүрек бұралмайды.
Жүрексіз талмау жерден ұралмайды,
Пейілі тар жақсыларды көралмайды.

Ынжық, ез белін бекем буа алмайды,
Сабаз, ер алтын тапса бу алмайды.
Жетесіз ата жолын қуа алмайды,
Қайнары тасбұлақтың суалмайды.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Нағыз

  • 1
  • 0

Аттан сап жауға шапса бəрі батыр,
Жауына төндірген соң заман ақыр.
Еш уақыт досын жауға тастамайтын,
Шығады мыңнан біреу нағыз батыр.

Толық

Жыр соңынан

  • 1
  • 0

Көкжал құнан- ат боп шықты сартабан,
Жастығымда шалғайлады артаман.
Бір ауыр жүк орын алып арқадан,
Қара нардай маң-маң басқан,

Толық

Ұқыпты болсаң өзіңе

  • 1
  • 0

Ұқыпты болсаң өзіңе,
Жетесің айтқан сөзіңе.
Ұқыпты болсаң сөзіңе,
Сенеді халық сөзіңе.

Толық

Қарап көріңіз