Өлең, жыр, ақындар

Жігітке жиырма деп қараған кім?

  • admin
  • 05.02.2024
  • 0
  • 0
  • 78
Жігітке жиырма деп қараған кім?
Жігіт емес бəрі шаш тарағанның.
Туған күні тумайды ер,
Туады ол
Тұңғыш рет жұмысқа жараған күн.

Бір ұғудай ұғып - ақ алғам мұны,
Артық шығар марғаудан малдың құны.
Өлген күні өлмейді ер,
Өледі ол
Қолынан іс келмей бір қалған күні.

Жалқаулыққа жамбасың қайдан шыдар!
Жүйкең шіріп кетпей ме ойдан шұбар?!
Нағыз жаза – жұмысқа салу емес,
Нағыз жаза – жұмыссыз қалған шығар!

Көңілдестер əр түрлі ұлыстан бар,
Керемет қой үндемей ұғысқандар.
Күнде - күнде көруге уақыт болмас,
Күле отырып ішелік, туысқандар!

Саулығыма қуансын туысқандар,
Сана – сезім,
Сендер де тыныстаңдар!
Бір дем алып алайын əйткенменен,
Демалдырмас алда əлі жұмыстар бар.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Даңқ

  • 0
  • 0

Даңқ! Даңқ!
Таң қаламын мен саған.
Жастар мынау,
Қарттар анау қаусаған.

Толық

Кейде ширап

  • 0
  • 0

Кейде ширап,
Кейде жүндей түтіліп,
Кейде ұтып,
Кейде мықтап ұтылып,

Толық

Тұрған кезде далам аман

  • 0
  • 0

Тұрған кезде далам аман,
Ел аман,
Әділдік пен ақиқатты тонаман.
Кейбіреулер сенен асқан ақын жоқ

Толық

Қарап көріңіз