Өлең, жыр, ақындар

Сағынардай не бар сол Уәліде?

  • admin
  • 05.02.2024
  • 1
  • 0
  • 52
Уәлі – Маңғыстаудағы көне қамал атауы. «Сонау ықылым замандардан тіршіліктің тамыры іспеттес болған Уәліде ескі керуен соқпағымен қатарласа бүгінгінің даңғыл жолдары жатыр». Көшбайұлы О.

Мұнда келсем, өлең-жыр туады не,
Аңыздары тасымен куәлі де.
Уәліні сағынам бала күнгі,
Сағынардай не бар сол Уәліде?

Жатыр мұнда кішкентай тас-балалар,
Ғасырдан ғасырларға асқан олар.
Ал қазір құмартардай осы жерде,
Сары мұң, сағыныштан басқа не бар?

Ештеңе жоқ! Қарар тек өрі, белі,
Шырамытқан секілді сені, мені.
Отыз шыңырау – мен көрген, олар да жоқ,
Кепкен шөлін бұталар кеміреді.

Екі-ақ үй, ескі қамал өтінде едік,
Сонда өстік, ес білгенше кекілденіп.
Қасқырлар топ-топ болып жүретін-ді,
Үстірттің әскерлері секілденіп.

Бұл күнде дерек те аз, мысал аз қап,
Тұрса да, мына бізден құсалы аздап,
Қарауытып обалар қарар саған,
Соңыңнан қанат қағып ұша жаздап.

Осындай далам еді ала бөтен,
Біз кеттік қоныс болып жаңа мекен.
Шыңыраулар, обасы, сары мұңы –
Енді олар мені еске ала ма екен?



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жаз

  • 0
  • 0

Аптапқа шашым шарпылып,
Тарады желдің тарағы.
Бұталар құмға малтығып,
Қараңдап кетіп барады.

Толық

Қыс

  • 0
  • 1

Ішімде де ақ боран,
Сыртымда да ақ боран.
Көңіл-бұлақ ақ табан,
Ол да қатып тоқтаған.

Толық

Фариза Оңғарсыноваға

  • 0
  • 0

Сары құмында Нарынның шашылады із,
Талай қыс кеп,
жаз да өтті, асыға күз.
Алтын құмнан алтын жыр ойған ақын,

Толық

Қарап көріңіз