Өлең, жыр, ақындар

Жүрегімде

  • admin
  • 07.02.2024
  • 0
  • 0
  • 104
Сенің сұлу көркіңе боянбаған,
Жан жоқ шығар сезімі оянбаған.
Мен де соның бірімін күнде-күнде,
Келбетіңе тамсанып тоя алмаған.

Күрсініп ойламаймыз күзде нені,
Белгісіз жолаушымыз біз дерегі.
Сен жүретін көшенің қайыңдары,
"Жақсылықтан үмітті үзбе" деді.

Құры жүрмей арманды іздеп қыдыр,
Қай ғашықтың жүзінде жүзбепті нұр.
Сен жайлы ойлануым ауыр маған,
Үміттеніп үмітті үзбек түгіл.

Еркелеп көз алдымда жүр күлімде,
Сезімімді болмайды білдіруге.
Білмеймін маған келе жатқаныңда,
Иісің қалып қойған қыр гүлінде.

Сен үшін сезімімнің мәні бар ма?
Өзіңе жетелейтін жарық алда.
Білемін меннен теріс айналасың,
Кеудемдегі сезімді танығанда.

Салқындық болғанымен түр-өңіңде,
Сен мендіксің біліп қой бұл өмірде.
Қасымда болмасаң да қаламымда,
Жанымда болмасаң да жүрегімде.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Қоштасқым келмейді

  • 0
  • 0

Болса да сабыр сақта мекенiң көп,
Сен маған артпағайсың өте міндет
Кет демешi кететiн ит емеспiн,
Және де қорқытпашы кетемiн деп.

Толық

Сұлулық жүректе

  • 1
  • 1

Түрі жаман болғанмен мінезі әйбәт
Үйренісіп келеміз міне жәйлап.
Кетіп қалсаң қайтадан келесің ғой
Жын емессің кететін кілем айдап.

Толық

Талғар ыстық

  • 0
  • 0

Жанымды жылытпайды жанбағыс түк,
Жүргендігі болмаса алданыш қып.
Кеткім келіп тұрады саған қарай
Талғар ыстық жаныма, Талғар ыстық.

Толық

Қарап көріңіз