Өлең, жыр, ақындар

Қазақ батырлары

Жауды көрсе жұлқынып жұлмалайды,
Жаудан азат етуді жан қалайды.
Жүрек жұтқан қазағымның батырлары,
Жан - жақтан аш қасқырдай кеп талайды.

Тайсалмаған, тіке барған, соғысқан,
Қорықпаған келе қалса жау тыстан.
Бұл сипаттар тек қазақ батырға тән,
Күш қайраты бір нүктеге тоғысқан.

Көрген адам айбатынан сескенген,
Жастайынан шымыр болған, ес білген.
Басқарады тұла боймен жойқын күшті,
Есімдерін бүкіл әлем естіген.

Қорқу деген не екенін білмейді,
Мықты жауды құлаққа да ілмейді.
Жеңісіне әркез болған сенімді,
Жорықтардан жеңіссіз еш келмейді.

Ұмытпастай жадымызда сақталды,
Ұлтымызда сенімдері ақталды.
Еліктейміз, дәріптейміз үлгі тұтып,
Әрбір қазақ ауызында мақталды.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз