Өлең, жыр, ақындар

Отбасы

Жалындаған бала қымбат жас талабы,
Ата - ана қуанышы, қас - қабағы.
Тәрбиенің, өнегенің тал бесігі,
Отанымыз отбасыдан басталады.

Береке бірлік, ынтымақтық ордасы,
Мәңгі өшпесін, басындағы шоқ тасы.
Құндылықтың қазынасы рухани,
Мейірімділік қайнар көзі отбасы.

Еліміздің отбасы, тілер тілегі,
Ұлтымыздың санасы, көзі, жүрегі.
Отбасылар аман - сау бола берсін,
Мықты отбасы - мемлекеттің тірегі.



Пікірлер (1)

Марс Нұржігіт

Орал Манты

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз