Өлең, жыр, ақындар

Ақын болып тудың ба? Қабдыкәрім Ыдырысовтың - Айым болып тудың ба? мақамымен

Ақын болып тудың ба?
Ақын болып тудың ба,
Батыр болып тудың ба?
Қазағыңның жанына -
Жақын болып тудың ба?
Ағып барып құятын -
Айдыны бар судың да.
Өлең десе тынбайтын,
Ағаларын тыңдайтын,
Еңбектеніп білім мен
Шеберлігін шыңдайтын,
Ақын болшы бауырым,
Ел тағдырын жырлайтын!
Сен де бір күн өсесің,
Мұратыңа жетесің,
Мұқағали болмашы
Мұң арқалап қайтесің,
Өз жолыңмен жүре бер,
Тауып алып төтесін.
Жолың болсын өмірде,
Жер мен руға бөлінбе,
Достарыңның алды бол,
Дұшпан келсе шегінбе,
Қазағыңды қадірле,
Көтереді төріне.
Шабыт алып шабасың,
Теріп сөздің сарасын,
Таразыға салып жүр
Рас өтірік арасын
Тура жолға бастап жүр,
Бар қазақтың баласын!
Тау суындай аққайсың!
Жүректе от жаққайсың
Жылтырақтың соңынан,
Желпілдеме жақпайсың.
Өлеңдерің ән болып,
Жырыңды елің жатқа айтсын!
Санжардың туған күніне.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз